ЖАҢАЛЫҚТАРМЕРЕЙ-МЕЗЕТОБЛЫС ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Ұлы отан соғысының 80 жылдық мерекесіне орай өткізілген «Темірлан » ШҚ жетекшісі Оразалин Орал Қайырлыханұлының ұйымдастырған асы!

Ұлы отан соғысының 80 жылдық мерекесіне орай өткізілген «Темірлан » ШҚ жетекшісі Оразалин Орал Қайырлыханұлының ұйымдастырған асы!

Жеңістің 80 жылдығына орай ауылымыздың тумасы, кәсіпкер Оразалин орал қайырлыханұлы соғыста шейіт болғандарды еске алу шарасын ұйымдастырды. Шара барысында ауыл жұртшылығы Ж. Молдағалиев ескертікіші алаңына жиналып, батыр ата-бабаларымызға тағызым жасадық. Ауылдасымыз Орал мырза тылда еңбек еткен ардагерлерге арнайы сый сияпат тапсырып, ауылымздағы ақ жаулықты әжелер мен ақсақалдарымызға сый сияпат көрсетті. Ауылдық тойханаға ардагерлерді еске алу барысында құран оқытып қатым түсіріп ас берілді. Жасалған іс шара осымен аяқталмай ауылымыздың бәйге төбесінде ұлттық спорт ойындарымен жалғысты. Атап айтқанда ұлттық спорт ойындарды дамыту жолында Оразалин әулетінің жай жатпайтыны белгілі. Ауылымыздағы , ауданымызда өтетін іс-шараларға белсене демеушілік көрсеттетін азаматтардың біріде бірегейі Оразалиндер әулеті.

Ұлы отан соғысының 80 жылдық мерекесіне орай өткізілген «Темірлан » ШҚ жетекшісі Оразалин Орал Қайырлыханұлының ұйымдастырған асы!
Ұлттық спорттарды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған спорт түрлері: арқан тартысы, жаяу жүгіріс (ерлер, әйелдер), қой көтеру, тай көтеру, тай жарысы, топ жарыс, аламан бәйге ойындары ұйымдастырылып қомақты сый сыяпат табысталды. Орын алған азамттар мен азаматшаларға келетін болсақ:
Арқан тартыс:
1орын-Саржал ауылы -100 000тг
2орын-Көкбай ауылы — 50 000тг
3орын-Тоқтамыс ауылы — 25 000тг
Жаяу жүгіріс қыздар 500 м:
1орын-Кенес Жұпар, Тоқтамыс ауылы, 30 000тг
2орын-Асел Саржал ауылы, 20 000тг
3орын-Кенес Аделя Тоқтамыс ауылы, 10 000тг
Жаяу жүгіріс ерлер 2000м :
1орын-Рымғалиев Мұратхан, 30 000тг
2орын-Төлеутаев Нұрбек, 20 000тг
3орын- Жайконов Жан, 10 000тг
Тай көтеру:
Мелісов Нұржан, Семей қаласы
Қой көтеру:
Сарқытов Бақтияр, Ақсуат ауданы
Түйе палуан:
1орын-Сейтқазинов Е, Мақаншы ауданы, 300 000тг
2орын-Ратаев Қ, Саржал ауылы, 200 000тг
3орын-Әлішенов М, Семей қаласы, 100 000тг
Өгіз палуан:
1орын-Барлықпаев Қ, 300 000тг
2орын-Қалмақпаев А, 200 000тг
3 орын-Айтхан а, 100 000тг
Тай жарысы:
1 орын- «Миллион қасқа» ат иесі Қуаныш мырза Көкбай ауылы,300 000т
2 орын-«Падиша» ат иесі Маймышев Қ. Қалбатау ауылы,200 000тг
3 орын –«Зымыран» ат иесі боранбай мырза, Көкентау ауылы, 100 000тг
Топ жарыс
1-орын-«Көктұйғын» ат иесі Дидар мырза Көкпекті ауылы, 1 000 000тг
2 орын-«Жолашар» ат иесі Бәзімханов С. Көкбай ауылы,500 000тг
3 орын – «Максимус» ат иесі Дәурен мырза Архат ауылы, 200 000тг
Аламан бәйге
1 орын-«Нарқасқа» ат иесі Дидар мырза Көкпекті ауылы, 2 000 000тг
2 орын-«Дүркіре» ат иесі Текеновтар әулеті, Саржал ауылы, 800 000тг
3 орын-«Ақселеу» ат иесі Фархат мырза, Саржал ауылы, 400 000тг
орындарды иеленіп жеңістің тұғырынан көрінді.
Ауылымыздың 1989 жылғы мектеп бітірген түлектері, Орал мырзаның сыныптастары ауылымыздың аз қамтылған жәнеде көп балалы 12 отбасыға азық-түліктер беріп демеушілік жасады.
Ауылымыздың халқына мерекелік көңіл күй сыйлаған, батырларымыздың есімін жаңғыртқан Оразалин Орал Қайырлыхан ұлына Ауыл атынан алғыс білдіреміз!

Тоқтамыс ауылдық округі әкімі Д. М. Мухтаров

Ұқсас жазбалар

ФАКТЧЕКИНГ: АҚПАРАТТЫ ТЕКСЕРУДІҢ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ

Anar Sarsenbina

Құндызды төрінде – Шәкір рухына тағзым!

Anar Sarsenbina

ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА АШЫЛДЫ

Anar Sarsenbina

ПІКІР ЖАЗУ