
Естен кетпес есімдер
Өмірлері ұрпаққа үлгі, жақсы істерімен есімдері естен кетпес жандары жайсаң жандар болады. Сондай аяулы адамдардың қатарында Кеймұраз Кәрменұлы мен Сыдықова Жазира сынды аға буын өкілдерінің есімдері ерекше аталады.
Жақында ауыл- аймағымызға сыйлы, ғибратты ғұмыр иелері болған қос қарияға арналып өздері тұрған Шәкәрім көшесі 30 шы үйге ескерткіш тақта орнатылды.
Ескерткіш тақтаның ашылуына ұрпақтары, туған туыстары, көзін көрген көршілері, алдияр ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелер, БАҚ өкілдері қатысып, жақсы істің, кейінгі ұрпаққа аманат болар игі істің куәсі болдық.
Ашылу рәсімінде «Әкесі көзі көргеннің баласы дос» демекші, кезінде әкелері аралас-құралас болған Әсет Медеуханұлы Мырзақасым аға мен апа жайлы тың естеліктерден сыр шертті. Осыдан соң көпшілік тақтаның ақ сырмасын ашып, құрмет көресетілген сәтте Құнанбай қажы атындағы мешіттің бас имамы Болат Самырбай құран бағыштап, баршшасы нниет қылып, қол жайды.
Мақаламызға арқау болып отырған Кеймұраз Карменұлы ел арасында «Кемен» атанып кеткен Дүтбай немересі Ұлы Отан соғысының ардагері. 1922 жылы Шыңғыстау өңірінде дүниеге келген. Мектеп табалдырығын аттап, зерек оқушы болып он жылдықты аяқтап, еңбек жолын, 1940 жылы аудандық жер бөлімінде инспектор қызметімен бастаған. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен өз еркімен соғысқа аттанғандардың алдыңғы легінде олған. Өз елін, жерін Отанын қорғауға қайрат күшін жұмсаған майдангер ағамыз Укрина, Польша, Германия елдерін жаудан азат етуге қатысқан солдат.
Соғыс кезінде взвод командирі, атқыштар колкінде болып, мерген болған. Ұлы Отан соғысында үш орден, бірнеше медальдарының иегері. Ұлы отан соғысы аяқталып елге оралған ағамыз 1945 жылы қараша айында аудандық кеңестік мәдениет бөлімінің аға инспекторы болып еңбек жолынжалғастырған. 1949 жылы Абай совхозында көлік жүргізуші, 1959 жылдан еңбек демалысына шыққанға дейінаудандық сауда саласында зат дайындаумекемесінде қажырлы еңбек еткен. Еңбек жолында алған қаншама марапаттары, мақтау қағаздары бір төбе. 1946 жылы Сыдыкова Жазира анамызбен кездесіп, отау құрды. Жазира анамыз Саржал ауылының тумасы, 10 жылдықты Саржал ауылында бітіріп, еңбек жолын ауылдық мектепте мұғалімдіктен бастаған. Абай еліне келін болып түскенмен үй тірлігімен, бала тәрбиесімен бірге қызметтен де қол үзбеген. Жұмыс жайын ауданның сауда саласының маманы болған. Талай алған алғыс хаттар, марапаттары медальдарыдың иесі болған. Ағамыз отау құрғаннан кейін өмірге төрт ұл, алты қызды әкелді. Барлығын оқытып, жеткізді, үй қылды. Қаншама немере, шөбере сүйді. Ағамыз өмірден ертерек кеткенмен, балаларды жеткізіп, аяққа тұрғызуда анамыздың алар оны ерекшеекенін айтуымыз ләзім. Жасаған еңбегі аяқсыз қалмады. Барлығы ер жетіп өз орындарын тапты. Анамыз «Батыр ана» алтын белгісі мен бірнеше медальдардың иегері. Анамыз Ұлы отан соғысының аяқталууының 80 жылдық төсбелгісімен марапатталды. Еңбек, тыл ардагері биыл 98 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Балалары аяулы аналарын арулап шығарып салып перзенттік парыздарын орындап, ата — ана аманатына адал бола білді. Иә, адам ұрпағымен мың жасайды демекші, Астана, Алматы, Талдықорған, Семей, Қарауыл тағы басқа өңірлерде тұратын ұрпақтары әке-шешеден алдан өнегелерін бойтұмардайсақтап, орындап келеді.
«Өлі разыболмай тірі байымайды» деген халқымыз. Кемен ата мен Жазира апамыздың өз қолдарымен кезінде тұрғызған үйге арнайы ескерткіш тақта қойылды. «Хан Шыңғыс» мейрамханасында арнайы құран бағышталып ас берілді. Асқа жиналған жамағат ата мен апа жайлы жақсы естеліктер айтып, тебірене еске алды.
Бүгінде әке шаңырағында ұлы Садырбек ие болып отыр. Жары Перизатпен қара шаңырақтың түтінін түзу ұшырып, үлгілі отбасы атанып отыр. Көпке үлгі болған екеуіне барлық игі жақсылықтарды тілейміз.
Ата мен апаның жатқан жерлері жайлы, топырақтары торқа болсын.Артында қалған ұрпақтары әке мен анажолын қуып, өз жұмыстарында қызметтерін адал атқаруға бар күш-жігерлерін арнап келеді. Кемен ата ұрпақтарының барлығы өсіп –өніп, сол ұрпақатрының үзілмес сабағы болыңыздар дегіміз келеді біз де.
Анар СӘРСЕНБИНА,
«Abai elı» газетінің жауапты хатшысы, журналист.
«Ұлылар елінің ұрпақтары» журналының директор-Бас редакторы
