ЕҢБЕК АДАМЫЖАҢАЛЫҚТАРТҰЛҒА

Қара шаңырақтың берекесін арттырған азамат

Елімізде Қазақстан Республикасының Президентінің 2013 жылғы №698 үкімімен қыркүйек айының соңғы жексенбісі «Еңбек күні» деп айқындалған. Осы мереке қарсаңында қарапайым еңбек адамының өмірін насихаттау мақсатында Қопа елді мекенінде төрт түлік малын өсіріп, оның мол өнімін пайдасына асырып отырған «Нұрбол» шаруа қожалығы иесі Әмірбеков Нұрбол Төлеуғалиұлының шаңырағына мектебіміздің 8 және 10 сынып оқушылары арнайы барды. Осы сапар барысында оқушылар Нұрбол Төлеуғалиұлының өмірбаянымен, шаруашылығының тыныс-тіршілігімен танысу мүмкіндігі тиді.

Нұрбол Төлеуғалиұлы – ауылымыздың тумасы, мектебіміздің түлегі, туған елінің жанашыры. Сұхбат барысында қожалық иесі өзінің қара шаңырақта, әкесі мен шешешсінен қалған қасиетті босағада жасап жатқан еңбегін ерекше ықыласпен айтты. Әсіресе, бұрынғы үйінің ірге тасын бұзбай, бастан аяқ сол шаңырақты тік тұрғызып, өзінің бар білгенін, ата-анасынан алған тәлімін әулеттің мал басын көбейтуде, өз отбасының жақсылығын арттырудағы еңбек жолын мақтанышпен баяндады. Төрт түлік малдың ішінде жылқы малын «МАЛ ТӨРЕСІ» деп атап, оның халқымыздың өміріндегі ролін айқындап беруі кездесуге келген әр балаға ерекше әсер етті. Бәйге аттарды сатып алу, оларды жүгіртіп-қызықтау да Нұрбол ағамыздың бойына біткен жақсы бір қасиет екені сөзсіз. 90 жылдары бастаған ата-анасы бастаған істі отбасылық бизнеске айналдырып, шаңырақтың кежесі ретінде алдыңғы ағалары мен апайларына жасап отырған қызметі мал шаруашылығын дамытудағы толассыз жүйелі еңбектің нәтижесі екенін атап өтіп, мал қорасын жоспарлау, әр малдың маусымға қарай жайылымын, жем-шөбін, күтімін қатысушыларға тәптіштеп айтып беруінен оның өскелең ұрпақ болашағына деген алаңдаушылығын көрсетті. Сонымен жердің жайын білудің малды өсірудегі мағыздылығы да әңгімеден шет қалмады. «Қайрымдылық деген отбасыңа, туысыңа, әулетіңе, ауылыңа, мектебіңі жасаған көмегің» деп пайымдауы Нұрболдың ауылдың келешегіне алаңдайтын жан ретінде көрсете білді.

Нұрбол Төлеуғалиұлы – тамаша отағасы, жары Араймен қара шаңыраққа келген әр адамның, әр туыстың көңілінен шығып, дастарханын кең пейілмен жая білетін жандар. Бүгінгі күні 3 баласын өсіріп, оның алдының архитектура саласында Польша еліне білім алуға аттанатынын зор мақтанышпен айта отырып, кездесуге келген әр оқушыға білімнің маңыздылығын ерекше атап өтті. Тұңғышы Аяулымның артынан ерген Нұрайы мен Айсұлтан бүгінгі күні озат оқушылар.

Халқымызда «Қара шаңырақ» ұғымының зор үлесі бар. Себебі ол тек сол үйге ие болумен емес, оған ие болған жанның бойынан ең бастысы жауапкершілік, жылу іздеп келген туысқа деген жанашырлық, әр сәтінен ұқыптылықты қажет ететін күнделікті еңбекті білдіреді. Қарапайым еңбегімен әке жолын жалғап, анасының сүтімен келген тәлімін жүзеге асырып, бүгінгі күні молшылық пен берекенің эталонына айналған «НҰРБОЛ» шаруа қожалығы иесі Нұрбол Төлеуғалиұлына тағылымды кездесуі үшін шексіз риазашылығымзды білдіреміз. Себебі ауыл баласы жақсыны алыстан, әлеуметтік желіден емес, үлгі болар ауылдастан, көз алдында жүрген сіздей азаматтардан алғаны абзал. Нұрбол Төлеуғалиұлының «Еңбек бәрін жеңеді» — деген өмірлік ұстанымы кездесуге қатысқан балаға жағымды әсерін тигізгеніне сенімдімін.

Жанпеисова А.Н.

ДТІЖО Архат ауылы Абай ауданы

Ұқсас жазбалар

ЖУРНАЛИСТИКАДАҒЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ

Anar Sarsenbina

ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА АШЫЛДЫ

Anar Sarsenbina

ЖАС ЖУРНАЛИСТЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЙРІКТЕРІ

admin123

ПІКІР ЖАЗУ