Ғылыми зерттеуЖАҢА ҚАЗАҚСТАНЖАҢАЛЫҚТАР

ФАКТЧЕКИНГ: АҚПАРАТТЫ ТЕКСЕРУДІҢ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ

Ғылыми зерттеу

1. ЖИ тақырыбына семинар –треннингтерге қатысып, білмегенімізді үйрендік.

Соңғы екі жылда, ғылыми зерттеу саласында цифрлық технологиялардың әлеуеті, Жасанды интеллектіге (ЖИ) негізделген платформалар туралы көп ізденіп келудемін. Көптеген семинарлар мен курстарға қатысудан жалыққан емеспін. Себебі, бізде қазір ақпарат өте көп. Шамадан тыс көп. Сол ауқымды ақпаратты тек ЖИ көмегімен сәтті анализ жасай алатынымызға толық сенемін. Себебі, классикалық әдіс арқылы үлгеру мүмкін емес. Күн сайын әлем бойынша мыңдаған зерттеу нәтижелерін жарияланып, өзгеріс өте жылдам жүруде.

Қазіргі таңда, ЖИ негізделген технологиялар қоғамның барлық саласына, қаржы саласынан бастап, әлеуметтік, медицина, қаржы және т.б салаларға кірігуде. Сондықтан, менің ойымша ЖИ платформаларын «көмекші құрал» ретінде тиімді пайдалану уақыт талабы.

Жасанды интеллект жаман емес. Бірақ оны қалай қолданатынымыз маңызды. Ақылмен, бақылаумен, мөлшермен қолдансақ ол бізге жеңілдік береді.

Ал егер біз өзімізді, өз шешімімізді ЖИ-ға беріп қойсақ бұл тек ыңғайлылық емес. Бұл бізді біртіндеп басқарылмайтын, ойымыз бен шешіміміз басқа нәрселерге тәуелді болатындай жағдайға апаратын тұзақ, және бір күні бұл психикалық әсер бізді толықтай басқара бастайды ойымыз бен шешіміміз ЖИ-ға тәуелді болып, өзімізге тиесілі болмайды.

Мен бірнеше жыл қатарынан Түркітілдес журналистер қоры мен Дүниежүзілік шетелдік баспасөз ассоциациясы (World Foreign Press Association — WFPA) «Шеврон» компаниясымен серіктесе отырып өткізген «Журналистикадағы жасанды интеллект және YouTube» тақырыбына семинар-тренингке қатыстым. ЖИ жайлы білмегенімізді үйреніп, көптеген мағлұматтарға қанықтым.Үйренгенімізді іс жүзінде пайдаландым.

Аталған семинарлар тізбегі тамыз-қазан аралығында Алматы, Астана, Тараз, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Павлодар, Петропавл, Қостанай, Қарағанды, Өскемен, Көкшетау қалаларында «Әлеуметтік журналистика: БАҚ-тағы әлеуметтік мәселелер» жобасының шеңберінде ұйымдастырылды.

Семинар-тренингтер нәтижесінде қатысушылар «Әлеумет — қоғам айнасы» байқауында бақ сынайды. Бұл дегеніміз бізге берілген үлкен мүмкіндік. Алматы қаласындағы треннинг семинарға қатысқан мен Семей қаласында өткен шараға да қатыстым. Әріптестермен бірге жасанды интеллектті тиімді пайдалану, аудио мен видеомонтаж жасау, визуализация, YouTube каналында бос ниша табу, жасанды интеллекттің арқасында қаралымды көбейту, монетизация т.б. маңызды тақырыптарды меңгердім.Соның ішінде мені қызықтырғаны Фактчекинг тақырыбы.

2.ФАКТЧЕКИНГ: АҚПАРАТТЫ ТЕКСЕРУДІҢ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ

Аннотация

Бұл мақалада фактчекингтің мәні, оның журналистикадағы рөлі, негізгі әдістері және жалған ақпаратпен күресудегі маңызы қарастырылады. Сонымен қатар заманауи технологиялар, соның ішінде жасанды интеллекттің фактчекинг процесіндегі орны талданады.

Кіріспе

Қазіргі цифрлық дәуірде ақпарат өте жылдам таралады. Әлеуметтік желілердің дамуы кез келген адамға ақпарат тарату мүмкіндігін берді. Бұл өз кезегінде жалған ақпараттың көбеюіне әкелді.

Осы мәселені шешудің тиімді жолдарының бірі – фактчекинг.

1. Фактчекинг ұғымы

Фактчекинг – ақпараттың шынайылығын тексеру процесі.

Негізгі мақсаттары: ақпараттың дұрыстығын анықтау; жалған мәліметтерді әшкерелеу; қоғамға сенімді ақпарат ұсыну

2. Фактчекинг процесі

Жоғарыдағы суреттер фактчекингтің кезеңдерін көрсетеді:

Ақпаратты анықтау; Дереккөзді тексеру; Салыстыру

Қорытынды жасау

3. Фактчекинг әдістері

3.1 Кері сурет іздеу (Reverse Image Search)

Бұл әдіс арқылы: суреттің қайдан алынғанын, бұрын жарияланғанын

өзгертілген-өзгертілмегенін анықтауға болады

3.2 Дереккөздерді салыстыру

Сенімді ақпарат алу үшін: бірнеше дереккөзді пайдалану; ресми сайттарды тексеру; халықаралық агенттіктерге сүйену қажет

4. Жасанды интеллект және фактчекинг: Жасанды интеллект көмегімен:

фейк жаңалықтарды анықтау; deepfake бейнелерді тану; мәтінді автоматты тексеру мүмкін.

5. Фактчекингтің маңызы: Фактчекинг: қоғамды жалған ақпараттан қорғайды

ақпарат сапасын арттырады; журналистикаға сенімділік береді

6. Қиындықтары: ақпарат көлемінің көптігі, жалған деректердің күрделенуі

уақыт тапшылығы, технологиялық тәуелділік.

Сіздермен жалғандықпен жасалған суреттерді қалай анықтауға болатынын бірге анықтайық.

Фейк фотоларды қалай анықтауға болады 👇

1. Бір сурет — әртүрлі контекст (манипуляция)

📌 Мұнда бір сурет әртүрлі жаңалықтарда әрқалай түсіндіріледі.

Мысалы: Бір жерде — “соғыс” деп айтылады, басқа жерде — “жаттығу” болуы мүмкін

👉 Фактчекинг:

Google Reverse Image (кері іздеу) қолдану

Суреттің алғаш қайда жарияланғанын табу

2. Фотошоп / монтаж

📌 Кейде адамдарды немесе объектілерді қосып жібереді.

👉 Қалай білуге болады: көлеңке дұрыс түспейді: пропорциялар сәйкес емес: жиектері бұлыңғыр болады

3. Ескі суретті жаңа оқиға ретінде тарату

📌 Бұл — ең жиі кездесетін фейк.

Мысалы:

2015 жылғы оқиға

Бірақ “бүгін болды” деп таратылады

👉 Тексеру: суретті кері іздеу; жаңалықтың датасын қарау

4. AI (жасанды интеллект) жасаған суреттер

📌 Қазір AI арқылы өте шынайы суреттер жасалады.

👉 Белгілері: Саусақтар дұрыс емес, мәтіндер қисық/оқылмайды; ұсақ детальдар “бұзылған”

Қысқаша чек-лист ✅

Суретті көргенде өзіңізден сұраңыз:

Бұл қайдан шыққан?, басқа сайттарда бар ма?, күдікті белгілер бар ма?

Қорытынды

Фактчекинг – қазіргі ақпараттық қоғамның маңызды элементі. Ол журналистиканың сапасын арттырып, қоғамды дұрыс ақпаратпен қамтамасыз етеді. Жасанды интеллект бұл процесті жеңілдеткенімен, адам бақылауы әрқашан қажет.

 

Анар СӘРСЕНБИНА,

ҚР Журналистер одағының мүшесі,

«Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісінің иегері.

«Abai elı» газетінің жауапты хатшысы, «Ұлылар елінің ұрпақтары» республикалық қоғамдық, рухани- танымдық журналдың директор-Бас редакторы

Ұқсас жазбалар

ҚАЗАҚ ҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТТЕЛЕКТ

Anar Sarsenbina

АТАЛАР ЕРЛІГІ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

admin123

ЕСТЕЛІК КІТАПТЫҢ ТҰСАУКСЕРІ ӨТТІ

admin123

ПІКІР ЖАЗУ