ЖАҢАЛЫҚТАР

⚡️Белгілі кәсіпкер Талғат Сақанның ұйымдастыруымен Үржар ауданы, Таскескен ауылында өткен «Ауыл — ел бесігі» атты спорт және өнер фестивалінде ауданымыздың қазақ үйі бас жүлдені жеңіп алды.

 

Марапаттау сәтін ерекше әсерлі сәтпен — киіз үй байқауынан бастады. Бұл сайыс тек сыртқы сән-салтанатпен өлшенген жоқ, әр киіз үйдің ішкі ұлттық нақышы, көркемдігі мен мазмұны әділ бағаланды. Қазақтың рухын, дәстүрін, қолөнерін дәріптеген киіз үйлер нағыз көз қуантты.

 

Бас жүлдеге 500 мың теңге тігілген бұл бәйгеде ұлттық стильді сақтай отырып, шығармашылықпен ерекшеленген ауданымыздың киіз үйі үздік деп танылды. Көздің жауын алатын көркем безендіру, тарихи мәні бар бұйымдар, шынайы қонақжайлылық — барлығы да әділқазылар мен жұрттың ыстық ықыласына бөленді.

 

Бұл — тек бәйге емес, ұлттың өткенін ұлықтап, бүгінге жеткізген, ертеңге аманаттайтын құндылықтың көрінісі. Киіз үй — қазақ болмысының символы, ал оны дәріптеу — әр азаматтың парызы.

 

Осындай ұлттық рухты көтеретін игі шаралар жалғасын таба берсін!

Басты бет

Ұқсас жазбалар

Ұлы отан соғысының 80 жылдық мерекесіне орай өткізілген «Темірлан » ШҚ жетекшісі Оразалин Орал Қайырлыханұлының ұйымдастырған асы!

admin123

Тоқтамыс ауылындағы шара

admin123

ЖУРНАЛИСТИКАДАҒЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ

Anar Sarsenbina

ПІКІР ЖАЗУ