
Құрметті кітап сүйгіш оқырмандар!
Астанадан «Фолиант» баспасынан ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойына орай Кәмен Оразалиннің «Абайдан соңғы арыстар» трилогиясы жарыққа шығыпты. Кітапта Абай, Мұхтар, Шәкәрім және Алаш арыстарының өмірі түгел қамтылған. Кітаптың құндылығы Абай мен Мұхтартанушы, жазушының ұзақ жылдар ізденісімен, фактілерге сүйеніп жазылғандығында. Құнды кітапты барша ағайындардың үй сөрелеріне көргім келеді және түгел оқып шығулары абзал деп санаймын.
Сәлеммен:
Ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және «Құрмет» орденінің иегері Бауыржан Қарабек.
