ЕСКЕ АЛАМЫЗ ЕГІЛІП...МЕРЕЙ-МЕЗЕТТҰЛҒА

Мәдібеков Төлеубек

Мәдібеков Төлеубек

Ұлы Отан соғысының ардагері Мәдібеков Төлеубек 1917 жылы маусым айының 20 жұлдызында Абай ауданының Архат ауылында дүниеге келген.Ауылдағы жеті жылдық мектепті бітіріп,еңбек етіп жүргенде 1939 жылы Әскер қатарына шақырылады.Төлеубек атамыз Ұлы Отан Соғысының алғашқы күнінен бастап 543-атқыштар полкінің құрамында жауға қарсы ұрысқа кіреді.Генерал-лейтенант В.И.Кузнецов басқарған үшінші армияның құрамында кескілескен ауыр шайқастарда Гродно,Минск,Бобруйск қалаларын қорғауға қатысады.Күші басым жаумен шайқаста қайтпас қайсарлық көрсетеді.Соғыстың алғашқы жылдарының ауыр зардаптарын басынан кешеді.Жау тылында жүріп те,оларға қарсы аянбай күреседі.Бір топ жолдастарымен бірге партизандық соғыс жүргізеді.1943 жылы қыркүйекте Югославия партизан отрядымен бірігіп,неміс басқыншыларына қарсы ерлікпен шайқасқан ол 1945 жылы Венгрияня жаудан азат етеді. 1945 жылы Венгрияны жаудан азат етеді. 1945 жылы мамыр айында аман-есен елге оралған Төлеубек Семей облысының Жарма ауданындағы Жанңызтөбе станциясына барып,темір жолға жұмысқа орналасады.1948 жылы осы жерде Сахариқызы Майрамен танысып,жанұя құрады.1964 жылға дейін Жаңғызтөбеде тұрып,темір жолда жұмыс істеген Төлеубек,сол жылдың күзінде туған жері Архатқа көшіп келеді.
1969 жылға дейін дүкенде ұста болып еңбек еткен ол, 1969жылдан бастап ағаш кесетін жерде жұмыс істейді. 1977жылы құрметті еңбек демалысына шығады.Соғыс және еңбек ардагері Мәдібеков Төлеубек II- дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденімен және «КСРО Қарулы Күштеріне 60,70жыл», «Жеңіске 50жыл», «Еңбек ардагері», «Маршал Г.К.Жуков» атындағы медальдармен марапатталған.Мәдібеков Төлеубек 1999 жылы шілденің 27 –сі дүние салды.

Кешегі ардагердің ұрпақтары

Соғысқа барып шайқасқан
Отаным үшін айқасқан
Ерлігін оны бағалап,
Әйгілі болып даңқы асқан.

Мықты болып кезінде,
Ордені көп төсінде
Атамызды құрметтеп,
Өтеміз бұл өмірде.

Атамыздың жеңісіне 80 жыл толуына орай сағынып еске аламыз:
Балалары,немерелері,шөберелері.

Ұқсас жазбалар

АТАЛАР ЕРЛІГІ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

admin123

Ұлы отан соғысының 80 жылдық мерекесіне орай өткізілген «Темірлан » ШҚ жетекшісі Оразалин Орал Қайырлыханұлының ұйымдастырған асы!

admin123

ТАЛҒАМЫ МЕН ТАЛАБЫ ТАСТАЙ ТАСБОЛАТ АҒА

admin123

ПІКІР ЖАЗУ