ОБЛЫС ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Облыс әкімі зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли өңірдің зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Атап айтқанда, бұған дейін Абайдың бірнеше мерейтойларын ұйымдастыруға атсалысқан сол кездегі тәжірибелі мамандар, қазіргі аймақ ақсақалдарымен арнайы кеңес өткізді. Жүздесудің басты мақсаты – елдік маңызы бар тойды халықтың өзімен кеңесе отырып өткізу, алдыңғы буынның ақыл-кеңесіне жүгіну.

Кездесуді ашқан аймақ басшысы алдымен бұл мерейтойдың тек бір өңірдің емес, тұтас елдің рухани мерейлі межесі екенін айтты.

Жиында Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Жанжігіт Омархан, Абай ауданының әкімі Мейіржан Смағұлов, Семей қаласы әкімінің орынбасары Қуаныш Әбділдаев мерейтойға арналған онкүндіктің бағдарламасымен таныстырды. 1 тамыз бен 10 тамыз аралығында Абайдың 180 жылдығына орай 30-дан астам ауқымды іс-шара ұйымдастыру жоспарланған. Мерекелік іс-шаралар Семей қаласы, Абай ауданы және өңірдің өзге де аудандарында өтеді.

Ұқсас жазбалар

Ұлы отан соғысының 80 жылдық мерекесіне орай өткізілген «Темірлан » ШҚ жетекшісі Оразалин Орал Қайырлыханұлының ұйымдастырған асы!

admin123

БАҚ ӨКІЛДЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Anar Sarsenbina

ТАҢҒАЖАЙЫП ТАЛАНТ ИЕСІ — ТАМАРА

admin123

ПІКІР ЖАЗУ