ОБЛЫС ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Облыс басшысы Берік Уәлидің тапсырмасымен Қарауылға апаратын жолға асфальт төселіп жатыр

Қазіргі таңда «Семей – Қарауыл» автомобиль жолының 97-117 шақырымындағы учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Жөндеу жұмыстары республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылуда. Жобаның тапсырыс берушісі – Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы. Жұмысты жүзеге асырып жатқан мердігер ұйым – «ГордорСтрой» ЖШС.

Бүгінгі таңда ұзындығы 15 шақырымға жуық жол учаскесінде асфальт жабындысының бірінші қабатын төсеу жұмыстары аяқталуға жақын. Аталған жұмыстарға 11 арнайы техника мен 21 жұмысшы жұмылдырылған.

Жол құрылысы белгіленген мерзім мен талаптарға сәйкес жүргізілуде.

Ұқсас жазбалар

БАҚ ӨКІЛДЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Anar Sarsenbina

Ұлы отан соғысының 80 жылдық мерекесіне орай өткізілген «Темірлан » ШҚ жетекшісі Оразалин Орал Қайырлыханұлының ұйымдастырған асы!

admin123

ТАҢҒАЖАЙЫП ТАЛАНТ ИЕСІ — ТАМАРА

admin123

ПІКІР ЖАЗУ