ЖАҢАЛЫҚТАРОБЛЫС ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

БАҚ ӨКІЛДЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

БАҚ ӨКІЛДЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Кәсіби мереке

Абай облысында бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті. Жиынға облыс әкімі Берік Уәли қатысып, өңір журналистерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Абай облысының әкімі Берік Уәли «халықтың көзі, құлағы һәм тілі» саналатын БАҚ өкілдерінің рөлін айрықша атап өтті

«Біз Сіздерді өткір ой мен өрелі пікірдің жаршысы, ақиқат пен әділдіктің сенімді қорғаны ретінде ерекше құрметтейміз. Бағалаймыз. Өздеріңізді ақпарат тарату құралы ретінде ғана емес, қоғамдық пікірдің қайнар көзі, жалпы жұртшылықтың жанашыры, билікке бұқараның жанайқайын жеткізуші деп білемін. Облыс әкімдігі сіздермен сындарлы әрі тұрақты диалог орнатуға әрдайым дайын. Оның себебін де өздеріңіздер жақсы білесіздер, мен де қаламына адал журналистер қауымының арасынан шықтым. Сондықтан сіздерді үнемі өзіме жақын көремін. Бүгінгідей мерейлі күні қоғам санасына сәуле түсіріп, көкейдегі күрделі сауалға жауап іздеген мамандық иелеріне құрмет көрсетілуі заңдылық деп есептеймін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Түптеп келгенде, мемлекет те, журналист те ұлт үшін қызмет етеді, ел тағдырын шешуге атсалысады. Өйткені, ұлт баспасөзі мен ұлт мүддесі қай кезде де өзектес болған. Қазір де солай. Біздің мақсат-мұратымыз – ортақ. Бұл – баршаға тең мүмкіндіктер беретін Әділетті Қазақстанды құру» деп ерекше атап өткен болатын. Бұл – ақпарат майданында еңбек етіп жүрген барша журналистерге берілген жоғары баға. Осы орайда қалам иелері қоғамның тамыр соғысын дөп басып, қоғамдық сана мен пікір қалыптастыруда аянбай еңбек етіп келеді. Өздеріңізге жүктелген жауапты міндетті абыроймен атқарып жүргендеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін», – деді аймақ басшысы.

Сонымен қатар аймақ басшысы аудандық «Абай елі» газетінің 90 жылдық мерейтойын да өз сөзінде атап өтті.

Облыс әкімінің арнайы сыйлығы және Алғыс хатымен аудандық “Абай елі” газетінің редакторы Жібек Акрам және «Ұлылар елінің ұрпақтары» атты республикалық қоғамдық, рухани –танымдық журналының директор- бас редакторы Анар Сарсенбина марапатталды.

Жерлестеріміздің кәсіби мереке қарсаңындағы марапаттарымен шын жүректен құттықтап, шығармашылық шабыт, мықты денсаулық және табысты еңбек тілейміз!

Ұқсас жазбалар

«АБАЙ ЕЛІ» ҰЖЫМЫН МАРАПАТТАДЫ

Anar Sarsenbina

Қара шаңырақтың берекесін арттырған азамат

Anar Sarsenbina

АТАЛАР ЕРЛІГІ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

admin123

ПІКІР ЖАЗУ