СПОРТ

БОЛАШАҚ ЧЕМПИОН

Спортсүйер

Еліміз Тәуелсіздік алғалы ауданымыздың спорт саласы қарыштап, даму үстінде. Бұл сөзімізге ауданның спорт тарихында өзіндік із қалдырып кеткен аға буынның жалғасындай болған аудандық жарыстардан бөлек облыстық, республикалық додалардан топ жарып, ұлылар елінің намысты ұрпақтары екендігін дәлелдеп жүр.

Абай ауданының спорт тарихында өзіндік із қалдырған спортшы ағаларымыздың жолын жалғастырып жүрген ұрпақтарымыз аз емес. Солардың бірі INS 2301 тобының студенті, ҚР жастар құрамасының мүшесі Мақсұтов Ринат Мақсұтұлы деп ауыз толтырып айта аламын.

Жеңіс жолында тағы бір қадам жасаған Ринат осыдан бір ай бұрын Армения астанасы Ереванда өткен Халықаралық «Ереван Кубогі» жарысында еліміздің намысын қорғап қола жүлдемен оралды. Бұл беделді додаға Қазақстан, Франция, Иран, Армения, Ресей, Словакия, Молдова және тағы басқа елдердің үздік спортшылары қатысты. Қатысушылар арасындағы тартыс жоғары деңгейде өтіп, Ринатымыз қола жүлдені қанжығалағаны баршамызды қуантты.

Ұлылар елінің ұрпағы Мақсұтов Ринат Қарауыл ауылында 2005 жылдың бесінші сәуірінде дүниеге келген. 2012 жылы Абай атындағы көпсалалы мектепке 1-сыныпқа барды. Оқу үлгерімі жақсы болды. Ринат Мақсұтұлы 2015 жылы 10 жасында «Шыңғыстау» спорт мектебіне бокс үйірмесіне аяқ басты. «Себепкер әкем болатын, спорт сені өсіріп жігіт қылдырып тамаша тәрбиелеп өзіңді де отбасыңды да қорғап қамқор бола аласын деді.Содан бері 10 жыл уақыт өтті.Спорт мені батылдыққа, қайсарлыққа және еліме, жеріме деген сүйіспеншілікті үйретіп, нағыз жігіт болуды үйретті.Ең алғашқы спорттағы жаттықтырушым Мәдикенов Нұрбол болды және алғашқы спорттағы жетістігім Өскемен қаласында өткен жарысымда 3-ші орын алдым.Мен үшін бұл жетістіктің орыны ерекше болатын.Ал 12 жасымда жаттықтырушым Жанболатұлы Ұлан ағайым болды осы уақыттарда жетістігіміз артып облыс, халықаралық және 2019 жылы Қазақстан Республикасының Чемпионатында топ жарып 2орын иелендім. Спорт мені тәрбиелей отыра, әр нәрсеге жауапкершілік пен қарауды дәріптеді десем болады»,-дейді Ринат өз сұхбатында бізге ағынан жарыла.

«Ал, 2023 жылы біздің үлкен жолға аяқ басқан жолымыз басталды.Себебі мектеп бітіріп әр бала арман жолына жол тартты.Менің жолым еліміздің бас қаласы Астана қаласында жалғасын тапты.Өмірімнің қызықты да шытырманы осы жерден бастау алды,үлкен қалада спорттық мансабым жалғасын тапты.Оқуға дене шынықтыру және бұқаралық спрот академиясына түсіп,Толқын спорт мектебінде жаттығуымды жалғастырдым.жаңа адамдар жаңа орта мен таныстым. Өзімнің мақсатым үшін күрес басталды қанша уақыт өткізіп,қан мен тердің ортасында еңбек еттік.Енбегіміз жемісін беріп жатыр Аллаға шүкір.Осы жолда Ерсұлтанов Талғат ағайымның еңбегі оразан зор.Осылайша ересектер арасындағы алғашқы жарысым Қарағанды қаласын да өтіп 2-ші орын алдым.Одан кейінгі Елорда Кубогіна қатысып тәжірибе алып,келесі Қарағанды қаласындағы жарысымыз да 2-ші орын илендім.Спорт еңбек пен уақытты талап етіп шыңдай түседі.2024жылдың қорытынды жарысы Чемпионат Қазақстанға қатысып тәжірибе жинадым Ал 2025жылы ақпан айында 22жасқа дейінгі Қазақстан Чемпионатында қоладан медаль тақтым. Мен үшін бұл үлкен жетістіктерімнің бірі алдыға мақсатқа жақындата түсті. Енді тыңбай еңбек етіп көк туымызды желбіретеміз дегім келеді» деп әңгімесін әрмен қарай жалғастырған оның болашаққа деген үлкен сенімін байқадық.

Жалпы спорттағы жетістіктері бір төбе Ринаттың алда алар әлі асулары мол деп сенеміз. Спорт ардагері Қ.Қаисеновты еске алуға арналған бокстан жасөспірімдер арасында аудандық ашық турнирде 34 кг салмақ дәрежесі бойынша 1-орын, Бокстан 2005-2006ж туылған жасөспірімдер арасында ҚР жүлдегері Галиев Берікті еске алуға арналған ашық облыстық турнирде 30 кг салмақ дәрежеснді 2-орын , Бокстан BROOKLIN және ALIGYM клубтарының жүлдесіне арналған ашық турнирінде 40кг салмақ дәрежесінде 1-орын,2004-2005ж туылған жастар арсында Шығыс Қазақстан облысының Чемпионатында 46 кг салмақ дәрежесінде 1-орын, 2003-2004 және 2005-2006ж туылған жасөспірімдер арсында бокстан Ұлы Жеңіс күніне және Қазақстанныі Халық Қаһарманы Қасым Қасейновт еске алуға арналған ашық облыстыұқ турнирінде 24 кг дәрежесінде 1-орын,2005-2006ж туылған жасөспірімдер арсында Қазақстан Республикасының Чемпионатында 32 кг салмақ дәрежесінде 2-орын ,сонымен қатар бокстан спорт шеберіне үміткер.

«Баласы атқа шапса, анасы үйде отырып тақым қысар» дегентамаша тәмсіл Ринаттың анасы Әбішева Айнұр Бейсенқызына арналғандай. 1978жылы 23 сәуірде қазіргі Би ата ауылында дүниеге келген. 1985 жылы сол ауылдағы Шыңғыстау орта мектебіне барып, 1995 жылы үздік бағамен бітіреді. Арман қуып оқуға барам деп Семей қаласындағы қазіргі Шәкәрім Университеті(бұрынғы Технологичиский) балы жетпей түсе алмады. Алған бетінен қайтпайтын жігерлі жас техникум болса да оқимын деп ойламаған жерден Семей Политехникалық техникумының «Экономика бухгалтерлік есеп және бақылау» мамандығына түсіп, оны да қызыл дипломмен бітіріп шығады. Сол жылы тұрмысқы шықты. Жолдасы Карипов Мақсұт Рахатұлы 1973 жылы 30 шілдеде Абай ауданы,Қарауыл ауылында дүниеге келген.

1980 жылы Абай атындағы орта мектепке барып,оны 1990 жылы бітірді. 1990-1992жылдары Отан алдындағы борышын аман- өтеп ауылға келіп, өрт сөндіру мекемесіне жұмысқа орналасады. Қысқарту кезеңі келіп сол жылдардан бастап әртүрлі жұмыстар істеді. Ринаттың анасы Айнұрдың тұрмысқа шыққаннан кейін де бала күнгі ұстаз боламын деген арманы орындалып, бақыттың есігін ашқан еді.Сөйтіп жүріп қайта оқуға құжаттар тапсырды. 2002-2007 ж М.О.Әуезов атындағы Семей Университетінің «Тарих және география пәнінің мұғалімі» мамандығын бес жыл жақсы бағамен оқып шықтым.Оқуды аяқтап, Б.Байғожина атындағы бала-бақшаға тәрбишінің көмекшісі болып орналасты. Жарты жылдан кейін тәрбиешілік штат келіп, тәрбиеші болып жұмысқа қабылданды.Жұмыс істеп жүріп, уақыт тауып, М.О.Әуезов атындағы колледжінің «Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу» мамандығын бітіріп шықты. «Қазіргі уақытқа дейін Б.Байғожина атындағы бөбекжайда тәрбиеші болып.жұмыс істеймін.Өз қызметім өзіме ұнайды.Тәп-тәтті бүлдіршіндерді көргенде бар ауыртпалық артта қалады.Соларға тәрбие,білім беру, олар қуанса қуанып, олар жетістікке жетсе қуанып, олар мұңайса мұңайямын. Аллаға мың да бір шүкір.Бөбекжайымыз алдыңғы орындарда,қандай сайыстар,болса біздің бөбекжайымыздың балапандары жоғары жетістіктен құр алақан емес. Жолдасым 2015 жылы аяқ асты қан қысымы көтеріліп қайтыс болды.Екеуміз 18 жыл ғана бірге өмір сүріппіз.Тақауда 10-жылдық еске алу қатым бердім.Жатқан жері жарық болсын,біздерді қорғап жүрсін деймін»,-деп ақ тілегін де жеткізді.

Мақсұт марқұм мен Айнұр екеуі отбасында бір қыз,бір ұл тәрбиелеп өсірді, жеткізді. Қыздары Рахатова Құралай Мақсұтқызы 1999 жылы 4 ші қаңтарда туған. Алғаш мектеп табалдырығын 2005 жылы аттады. 2015жылы мектепті бітіріп, 2015-2017жылдары Семей қаласындағы М.Әуезов атындағы педагогикалық коллеждінің Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірді.2017-2020ж Семей қаласындағы Шәкәрім Университетінің «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығын бітірді. Қазіргі таңда Курчатов қаласында бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет жасайды. Тұрмыста. Үш кішкентай ханшайым жиендері бар. Күйеу балалары Курчатов қаласында 3514 іскери қызметте.

Мың жылдық құда мен –құдағиымен сыйластығы артып, барын берекеге, берекесін мерекеге ұластырып отырған жайы бар.

«Ұлымыз Мақсұтов Ринат Мақсұтұлы 3-сыныптан бастап бокс үйірмесіне қатысты .Жетістіктері өте көп.Тіл-көзден сақтасын.

Кеше ғана , Қазақстан намысын қорғау үшін құрама командамен Армения еліне барып келді, елімізге қола жүлдені алып келді»,-деп баласының жетістігіне қуанған ару анаға біз де қажымас қайрат, ұзақ ғұмыр тіледік.

«Әр түрлі кедергі қиыншылықтар мен ауыртпашылықтар да болады. Оны тек жеңіс үшін күрескен адамдар ғана жетеді деп білемін. Сондықтан да спортшыларға қажымас қайрат пен қайсар мінез тілеймін. Әрекет түбі берекет дегім келеді», -деп Ринаттың өзі айтқандай жеңіс тұғырынан көріне берсін демекпіз.

Иә, әр спортшының алға қойған мақсаты биік шыңы болады.Сол жолда Ринаттың да жетер биік шыңы көп болсын дейміз. Абай елінің спортын дамытуға өзүлесін қосып, еліміздің көк байрағын желбірете беруіне тілектеспіз.

 

Анар СӘРСЕНБИНА,

«Abai elı» газетінің жауапты хатшысы, журналист

Республикалық «Ұлылар елінің ұрпақтары»

журналының директор-Бас редакторы

Ұқсас жазбалар

Жүлде қоры 120 млн теңге. Жеңімпаздар анықталды

admin123

ПІКІР ЖАЗУ