ӘЙЕЛ ӘЛЕМІ

АБАЙ ЕЛІНІҢ КЕЛІНДЕРІ КЕРІМ ЕКЕН

Аудандық сайыс

Абай ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жыл сайынғы дәстүр бойынша аудандық мәдениет үйінде «Аяулы жас келін -2025 « сайысы өткізілді.

Атамыз қазақ ерте заманнан –ақ ұрпақ өсіріп, оны тәрбиелеу ісіне ерекше назар аударған. Әсіресе қыз балаға аса көңіл бөлген оны ақылды да ибалы, сұлу да әдепті, мейірімді де қайырымды етіп, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеген.

Қазақ халқының салт-дәстүрлерін, әдет ғұрыптарын жаңғырту, жастар арасында ұлттық құндылықтарын насихаттау, дәстүрлі отбасылық құндылықтарды дәріптеу, қазақ келінінің болмысын насихаттау, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған аудандық келіндер сайысы тартымды да мағыналы өрбіді. Сайысқа Кеңгірбай би ауылының келіні, мектептің биология пәнінің мұғалімі Садықова Эльвира Айдосқызы, Көкбай ауылының келіні Қабылқақова Мөлдір Маратқызы, Қарауыл ауылының келіні Ахметова Әсел Ерланқызы, Қасқабұлақ ауылының келіні Құтпанова Марзия Бекенқызы, Архат ауылының келіні Қабылова Гүлнұр Секенқызы. Сайыста бақтарын сынға салған бес келін жақсы дайындықпен келгендіктерін көрсетті. Би ата ауылынан келген Эльвира келініміз ән айту, би билеу, сурет салумен өнердің басы -қасында жүрсе, Көкбайлық келін Мөлдір келін де ауылдағы мәдениет үйінде әнші, Қарауылдыық келін Әсеміміз кітап оқуды жаны сүйетін болса, қасқабұқлақтық Мәрзия келініміз поэзия оқығанды ұнатады, ал архаттық Гүлнұр келініміз қол өнер бұйымдарын жасаудыөзіне серік еткен.

Байқау екі кезеңнен, яғни бірі «Ас адамның арқауы» деп аталып, бұл кезеңде әр қатысушы өзі бауырсақ пісіріп, қонақ күту кәдесін жасады. Екінші бөлім шығармашылық кезеңге арналып, «Текті келін» деп аталымында «Жас келіннің бір күні» бейнебаяны көрсетіліп, өздерін таныстырса, «Білімді мыңды жығар» интеллектуалдық сайыста келіндеріміз салт-дәстүр, ұлттық тағамдар, Қазақстан тарихынан сұрақтарға жауап берді. Үшінші бөлім «Қонақ күте білеміз бе деп аталып, аруларымыз өз қолдарымен жасалған тағамдарының жасалу дайындалу арысын айтып өтті. «Өнерлі өрге жүзер» бөлімінде сайысқа қатысушылар өзі таңдаған жанрында өнерлерін паш етті. Сайысқа әділ бағасын беретін қазылар алқасы таныстырылып, «Нұр- Сана» салт –дәстүр орталығының төрайымы Сәкен Көпжанқызы бастаған алқа мүшелері «Абай ұлағаты» ардагерлер ұйымының жетекшісі Нағия Бұланбаева, Ж.Кәрменов атындағы саз мектебінің директоры Әзімбай Зағипа, Абай ауданы ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Исанова Тоғжан және Абай атындағы мамандандырылған мектеп гимназия интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абай аудандық мәслихат депутаты Ошақбаева Индира Еркінқызы сайысқа төрелік етті.

Жас келіндеріміз сайыс шарты бойынша бауырсақтарын пісіріп,ас әзірлеу шеберліктерін көрсетті. Бұдан кейін келіндер сайысы мәдениет үйінде жалғасып,аудан әкімінің орынбасары Ерболат Сәлімұлы сайысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, ізгі лебізін арнады. Бес келініміз сайыстың екінші бөлімі бойынша бар қабілеттерін, таланттарын көрсетуге тырысты. Сайыс барысында «Қаламқастық» әншілер кештің сәнін келтірді.

Ұлттық құндылықтарды дәріптеп, жас келіндердің инабаттылығы мен іскерлігін, өнері мен тәрбиесін насихаттауды мақсат еткен «Аяулы жас келін – 2025» сайысы өз мәресіне жетті.

Бұл арулар сайысында ауданымыздың әр ауылынан келген жас келіндер өнері мен парасаттылығын, қазақы дәстүрге деген құрметін паш етті. Байқау өте тартысты әрі әсерлі өтті. Қазылар алқасының шешімімен сайыстың нәтижесі төмендегідей болып қорытындыланды: Бас жүлдені – Қарауыл ауылының келіні, өз өнерімен, сыпайылығымен және жан-жақтылығымен көзге түскен Ахметова Әсел Ерланқызы жеңіп алды.

Бірінші орын – Қасқабұлақ ауылының келіні, тәрбиесі мен инабаттылығы үлгі болған Кутпанова Марзияға бұйырды.

Екінші орын – Кеңгірбай Би ауылынан қатысқан, салт-дәстүрге жетік, шеберлігімен ерекшеленген Садықова Эльвира Айдосқызына берілді.

Үшінші орын – Архат ауылының келіні Қабылова Гүлнұр Секенқызына және Көкбай ауылынан қатысқан Қабылқақова Мөлдір Маратқызына тең дәрежеде табысталды.

Келіндер Аудан әкімі дипломымен және Жастар ресурстық орталығы атынан бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бұл байқау – тек бәсеке емес, болашақ ұрпаққа үлгі болар, дәстүр мен тәрбиені тоғыстырған тағылымды шара болды.

Анар СӘРСЕНБИНА,

«Abai elı» газетінің жауапты хатшысы, журналист

Республикалық «Ұлылар елінің ұрпақтары»

журналының директор-Бас редакторы

Ұқсас жазбалар

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЦИФРЛЫҚ КОНТЕНТТІҢ САПАСЫ: ӨҢІРЛІК МЕДИАНЫҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ ЖӘНЕ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

Anar Sarsenbina

Сыртқы келбеттен әлдеқайда ауқымды мәселе: дене салмағы индексінің өсуі нені көрсетеді?

Anar Sarsenbina

ПІКІР ЖАЗУ