ЖАҢАЛЫҚТАРМЕРЕЙ-МЕЗЕТТҰЛҒА

АТАЛАР ЕРЛІГІ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

АТАЛАР ЕРЛІГІ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

Біз соғысты көрген жоқпыз. Әйтсе  де күндей күркіреп өткен солбір зұлмат соғыстың ел иығына қаншалықты ауыр жүк артқанын сезіндік. Сексен жылдай уақыт өтіп, тарихқа айналған солқанды майданның шемен болып  қатып қалған жарасының орны әлі талай –талай тәндерді оқтын- оқтын сырқырататыны хақ.

АТАЛАР ЕРЛІГІ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

Қазір майдангерлерді шырақ алып іздесек те таба алмаспыз. Ерлік пен елдік сыналған сол соғыста талай боздақтар туған жердің топырағын бір басуды армандап, азаматтық ар –намыс туын желбірете жүріп, жат жерлерде бір- бір төбешікке айналды.

АТАЛАР ЕРЛІГІ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

Жеңіс күні ата-әкелеріміздің аруағы алдында тағзым ету, бір сәт қасіретті соғыс салған лаңды еске түсіру азаматтық борышымыз.

Толарсақтан саз кешіп, қан майданда жаумен шайқасқан соғыс ардагерлерінің қатарында атамыз Өтепбергенов Өміртай да бар. 1906 жылы бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы Қызылту совхозында дүниеге келген. Қарапайым отбасында тәрбиеленіп өскен ол ел басына күн туған, соғыс өрті тұтанған 1941 жылы өзге замандастары сияқты майданға аттанады.

АТАЛАР ЕРЛІГІ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

Өтепбергенов Әміртай  қан майданда атты әскерлер гвардиясының құрамында Белград, Трептов, Грайнфенберг, Каммин, Гюльцов, Плате қалаларын неміс -фашист басқыншыларынан азат етуге қатысқан. Осынау өлшеусіз ерліктері үшін атты әскерлер гвардиясына жоғарғы бас қолбасшы Сталиннің 1945 жылдың 6 наурызындағы № 292 санды бұйрығымен алғыс жарияланған. Ал, аталмыш атты әскер гвардиясының жауынгері Өтепбергенов Өміртайға танытқан сауатты әскери әдіс-тәсілдері, көрсеткен сансыз ерліктері үшін жоғары бас қолбасшының 1945 №233 санды бұйрығы бойынша командир М.Константиновтың алғыс хаты тапсырылған.

АТАЛАР ЕРЛІГІ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

Жеңістің әр сағатын жақындатқан, соғыс және еңбек ардагері Өтепбергенов Әміртай «Гвардия» орденінің, «За отвагу», «За победу над Германией» сынды бірнеше медальдардың иегері. Ол соғыс аяқталып, бейбіт заман орнаған шақта үкіметтің қойын бағып, ел қатарлы еңбек еткен. Өтепбергенов  Әміртай атамыздың жұбайы,  апамыз Өтепбергенова Зияжан да тылда еңбек еткен, тыл ардагері. Екеуі бір перзент сүйіп, он бір немере, шөберелер көрді. Атамыз Өтепбергенов Әміртай 1984 жылы 9 мамыр Жеңіс күнін қарсы алып, 10 мамырда 78 жасында дүниеден өтті.

Біз, артында қалған ұрпақтары бейбіт күннің астында әкелеріміздің арқасында алаңсыз, асыр салып ойнап –күліп өстік, оқып білім алып, ер жеттік. Біз, ұрпақтары атамыз бен апамызды Жеңістің 80 жылдығына орай сағынышпен еске алып,  рухына тағзым етеміз. Жатқан жерлері жарық болып, артында қалған ұрпақтарын желеп -жебеп жатсын дейміз.

ӨМІРТАЕВТАР

Ұқсас жазбалар

Anar Sarsenbina

АРДАГЕРЛЕР-АЛТЫН ҚАЗЫНАМЫЗ

Anar Sarsenbina

Ұлы отан соғысының 80 жылдық мерекесіне орай өткізілген «Темірлан » ШҚ жетекшісі Оразалин Орал Қайырлыханұлының ұйымдастырған асы!

admin123

ПІКІР ЖАЗУ