ЖАҢАЛЫҚТАРМЕРЕЙ-МЕЗЕТ

АРХАТТЫҢ АРДАҒЫ АЛПЫС ЖАСТА

АРХАТТЫҢ АРДАҒЫ АЛПЫС ЖАСТА

Ұлылар елінің ұрпағы, аудан бойынша 2013 жылдың «Үздік мемлекеттік қызметкері», іскер басшы, шебер ұйымдастырушы, асқар тау әке, асыл жар Өміртаев Ардақ Аманғалиұлы адам өмірінің ең бір асыл кезеңі асқаралы 60 жастың есігін ашып отыр.

Жерлесіміз, Архат ауылының бір перзенті Өміртаев Ардақ Аманғалиұлы 1964 жылы 10 — шы қазанда дүние есігін ашқан. Бүгінде алпыс жасқа толып отырған Ардақ Аманғалиұлы өмірі қуатты, көңілі шуақты қалпында адал еңбегімен, адами асыл қасиетімен, бай да, байсалды мінезімен отбасына қымбат, ортасына сыйлы бола жүріп жеткені хақ. Сонау 1971 жылы Архат орта мектебінің табалдырығын аттап, 1981 жылы мектеп бітіргеннен кейін арман қуып Новопопровка совхоз техникумына түсіп, 1983 – 1985 жылдары әскери борышын өтеп, 1986 жылы аталған оқу орнын аяқтап, «Техник – механик» мамандығын алып шықты. 1986 жылы жанұя құрды. 2002 жылы Шәкәрім атындағы Семей Мемлекетттік университетіне түсіп, 2007 жылы «Тарих және география» мамандығы бойынша бітіріп шықты. Ат жалын тартып еңбекке араласқан 1986 жылы совхозға механик болып қызметке орналасты. 1987-89 жылдары осы шаруашылықта машина – трактор қоймасының меңгерушісі. Жақсы ұйымдастырушылық қабілетіңіздің арқасында 1989 – 1996 жылға дейін осы шаруашылықта Зав МТМ, бас инженер болып жұмыс атқарды.Ұжым тараған кезде ағайын — туыспен өз алдына жеке «Қабанбай» шаруа қожалығын құрды.

АРХАТТЫҢ АРДАҒЫ АЛПЫС ЖАСТА

1998 жылы осы ауылдың округіне салық агенті болып абыройлы еңбек етті. 2002 жылдан бастап туған ауылының артқан сенімін абыроймен ақтап ауыл әкімі қызметін атқарды. Туған ауылында жұмыс істеген кездердегі ауыл үшін жасалған жұмыстар елдің көз алдында.
«Отанның әр адамға орны бөлек,
Тұратын перзенттерін нұрға бөлеп.
Бір перзенті Арқаттың Ардақ әкім,
Келеді елі үшін, етіп еңбек.
Қойылды батыр ата ескерткіші,
Жүрсін деп тағзым етіп, үлкен – кіші.
Тұрғандай тас мүсіні, ақ жол тілеп,
Ұрпағы келешектің аман жүрші.
Үлкенге іні, кішіге болып аға,
Ауылға ашып берді, клуб жаңа.
Хоккей алаң сыйлатты жерлестерден,
Ойнасын деп, бос жүрмей барлық бала.
Орнатқызды ұялы телефонды,
Оған да өзі жүріп тауып жолды.
Сөйлесіп алыстағы ағайындар,
Риза боп әкіміне, көңіл толды.
Өткізіп жүр жыл сайын ауыл күнін,
Халықтың басын қосып, тауып тілін.
Жетіп жүр жетістікке, жерлестері,
Алдыңғы орын алып, бәрі бүгін.
Қаржыдан болсадағы қолы қысқа.
Жол тапты, тірелмеді тығырыққа,
Қалмады игілікті болар істен.
Бір жүріп ұжымына болып тұтқа.
Азамат ортасында, пейілі кең,
Үлкен мен кішілерді көреді тең.
Жарқылдап хал сұрайды жолыққанда,
Парасатты, сыйластық, оймен терең.
Ренжіспейді халықпен қатты сөйлеп,
Шықырып кеңсесіне, дейді төрлет.
Байыппен тыңдап алып, шаруасын,
Жауабын дұрыс береді, «ренжіме» деп,-деп 50 жасында жыр арнаған Архат ауылдық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Күмісханның осы өлеңі Ардақ ағамыздың туған ауылы үшін қаншалықты тер төккенін дәлелдеп тұрғандай.

АРХАТТЫҢ АРДАҒЫ АЛПЫС ЖАСТА
Жан жары Шолпан екеуі үш бала тәрбиелеп құтты орындарына қондырды. Хафизқызы Шолпан С. Бекбосынов атындағы мектепте мұғалім болып жұмыс жасады, қазіргі уақытта Бесқарағай ауданында «Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектебінде» мектепке дейінгі салада жұмыс жасайды.
Балалары үлкен қызы Әсел Астанада Шәкәрім Құдайбердиев атындағы гимназия № 56 мектебінде информатика пәнінің мұғалімі, жолдасы Еркебұлан ішкі істер бөлімінде полиция қызметкері.

АРХАТТЫҢ АРДАҒЫ АЛПЫС ЖАСТА

Ортаншы қызы Эльмира Семейдегі № 35 мектепте мұғалім, соц. педагогог, жолдасы Олжас қызмет атқарады. Кіші қызы Ақмарал Семейде Народный Банкте қызмет атқарады, жолдасы Ерғали сауда саласында жұмыс атқарады. Іңкәр, Елжас, Лиза, Азиза, Расул, Амина, Амира, Әміре атты немерелері атасының соңынан еріп келеді.
Әкесі Өміртаев Аманғали Архат ауылының тумасы. Мал шаруашығында жұмыс істеді. Сол уақыттарда еңбегі еленіп 2 рет «Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Құрмет белгісі» орденімен, Лениннің 100 жылдық медалімен марапатталды. Анасы Өміртаева Даметкен көпбалалы «Батыр ана». Осы ұрпақтан тараған балалары еліміздің әр түкпірінде қызмет атқарды.
Осы қызмет атқарған уақыттарды 2008 жылы Орда ауылынында жаңадан мектеп, Архат ауылында жаңадан дәрігерлік амбулатория, 2004 жылы ауылға «Таза су» бағдарламасы бойынша су құбырлары орнатылды. 2014 жылы клуб үйі күрделі жөндеуден өткізіліп пайдалануға берілді, бір көше асфальттанып, ауыл көшелері жарықтанды.
Архат, Орда ауылдарында кіре беріс қақпа орнатылды, балалар ойын алаңдары, хоккей ойынына корд, кіші футбол алаңдары жасалынды. Демеушілердің көмегімен З. Белібаев 100 ж мерекелік іс – шара өткізіліп, парк, кіре беріске демалыс саябағы жасалынды.
Ауылдың мәдениеті мен спортты дамытуда еңбегі елеусіз қалған жоқ. Үнемі алдыңғы орындарды иеленіп жүрді. Ұжым тарап, ел қалаға көшіп иесіз бұзылып қалған үйлердің орнын тазартып, ауыл келбетін көркейтуе жұмыстар жасалынды.
Осы еңбек еткен жылдары еңбегі еленіп: 2014 жылы ШҚО әкімі Б. Сапарбаевтың және ШҚО мәслихат хатшысы Г. Пинчуктың «Құрмет Грамотасымен», 2015 жылы «Үздік мемлекеттік қызметші» номинациясы, 2018 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Астанаға — 20 жыл» мерекелік медалімен, 2018 Жылы «Үздік ауыл әкімі» номинациясы, «Үздік ауыл» Құрмет грамотасы, 2019 жылы» Абай ауданына- 90 жыл» мерекелік медалімен, 2020 жылы А.Құнанбайұлының туғанына 175 жыл мерекелік медалімен, Астана қаласына 20 жыл мерекелік медалімен, Абай ауданының құрылғанына 90 жыл мерекелік медалімен, Архат ауылының «Тау гүлі» ансамблінің құрылғанына 45 жыл төсбелгісімен, Бесқарағай ауданының «Ел алғысы» медалімен т. б көптеген алғыс хат пен грамоталармен марапатталды. Архаттың бір перзенті, жерлесіміз Ардақ Аманғалиұлы 2022 жылдан бастап Абай облысы Бесқарағай аудандық Кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің басшысы қызметін атқарып жүр.

АРХАТТЫҢ АРДАҒЫ АЛПЫС ЖАСТА
Ардақ ағамыздың спортты серік еткенін біреу білер біреу білмес. Волейбол, баскетбол, үстел теннисі, шахмат ойындарын сүйіп ойнайды. Табиғатта демалғанды жақсы көреді. «Жақсының жолы жарық күн» демекші, туған ауылына қадірлі, ортасына құрметті Ардақ ағамызды біз де редакция атынан асқаралы алпыс жасымен құттықтап, тіршілігінің кемелдігін, еңбегінің беделдігін тілейміз.
Сіздің алдағы еңбегіңізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, жанұя бақытын, амандық тілейміз. Әрқашан еңбегіңіз еселеніп, жұлдызыңыз биікте жарқырай берсін демекпіз.

Құттықтау

Архат ауылының тумасы, бүгінде Бесқарағай аудандық Кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің басшысы, отбасымыздың тірегі, ардақты әкеміз Өміртаев Ардақ Аманғалиұлын асқаралы 60 жасқа толған мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!
Әкемізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, жетістіктерге толы жемісті еңбек, телегей теңіз табыс, отбасымызда сідердің арқаларыңызда бақыт пен таусылмас қуаныштар бола берсін деп тілейміз!
Ойға оралтып өткен шақтың іздерін,
Еске салған көктем, жазын, күздерін.
Құтты болсын алпыс жасыңыз жан ӘКЕ,
Жалғастырған жарқын жылдар тізбегін.

Бір әулеттің шынболаттай тірегі,
Елжіреген елін ойлап жүрегі.
Денсаулығың мықты болсын әрқашан,
Ұрпағыңның осы айтар тілегі.

Сәулесінен қуат алып таңдардың,
Қанатынан ұстап аппақ арманның.
Қайғы-мұңсыз ұзақ өмір сүре бер,
Жамандығын көрмей мына жалғанның.
Ізгі тілекпен: Жары Шолпан, балалары Еркебұлан -Әсел, Олжас-Эльмира, Ерғали – Ақмарал және немерелері.

Анар СӘРСЕНБИНА,
«Ұлылар елінің ұрпақтары» журналының бас редакторы

Ұқсас жазбалар

ТАЛҒАМЫ МЕН ТАЛАБЫ ТАСТАЙ ТАСБОЛАТ АҒА

admin123

Тоқтамыс ауылындағы шара

admin123

ЕСТЕЛІК КІТАПТЫҢ ТҰСАУКСЕРІ ӨТТІ

admin123

ПІКІР ЖАЗУ