Саналы ғұмырын ел экономикасының дамуына арнаған ұлылар елінің арда азаматы Тасболат ағамен күллі Абай елі мақтанады. Халық қалаулысы, бауырларының жанашыры, туған-туыстың қорғаны, Қазима апайымыздай жаны да өзі де сұлу жанның жары, немерелерінің сүйікті атасы Битенов Тасболат Қажымұханбетұлы 1950 жылы бұрынғы Семей облысы, Аягөз ауданы, Таскескен ауылында дүниеге келіп, 1967 жылы Қарауылдағы Абай атындағы орта мектепті бітірген.
Тасболат ағаны мен жаны жайсаң жақсы аға ретінде құрметтеймін. Қоғамда өзіндік ойып алар орны бар Тасболат аға ерекше жандарға да көңіл бөліп, жақсылық жасап жүреді.Сондай жомарттығының, мәрттігінің куәсі болған едім.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демей ме, жанымызда жүрген жақсы адам жайлы жазудың орайы жетпіс бес жасқа толған мерейтойына дөп келді. Тасболат аға мектеп бітірген жылы «Еңбек Қызыл Ту» атындағы Алматы мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтының механика факультетіне оқуға түсіп, 1972 жылы институтты инженер-механик мамандығы бойынша бітіріп, ауданда еңбек қызметін жалғастырды». Казсельхозтехника» қатардағы инженер болып, бас инженерге дейін көтерілді. 1978-1983 жылдары Абай ауданы «Райсельхоз» басқармасының бас инженері болып жұмыс істеді. Жоғары партия мектебін, яғни 1989 жылы Марксизм және ленинизм университетін бітірген. Алматы мемлекеттік ауылшаруашылық институтын инженерн – механик мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын аудандық «Казсельхозтехника» қатарындағы инженерліктен бастап, асы мекеменің бас инженеріне дейін көтерілген. Кейін оны ауылшаруашылығы басқармасының бас инженерлігіне жоғарлатты. Оған зор сенім білдіріп 1983 жылы Абыралы совхозын көтеруге көп тер төкті. Тізімде соңғы орында тұрған совхоз Тасболат аға басқарған жылдар ішінде озық совхозға айналды. Абыралы совхозының экономикасы жақсарып, табысты шаруашылыққа айналды. Халыққа мәдени – тұрмыстыққызмет көрсету жақсарды. Озат өндіріс жаңалықтары да совхозға осы кезден бастап енді.Жұмыстың төменгі сатысынан бастап шыңдалған Битенов Тасболат 1987 жылы Абюай аудандық партия комитетінің пленумы Абай аудандықкомитетінің екінші хатшысына сайланды. Ауданның бірінші басшысымен бірлесе отырып аудан экономикасын, мәдениетін жақсартуға, халықтың әл – ауқатын жақсарту бағытында жұмыс жасайды, сол кездерде ауданда көп ғимараттар бой көтерді, тұрғын үйлер салынды. 1991 жылы өз өтініші бойынша жұмысын тастап, былғары және үлбір бұйымдарын өңдеу және тігу бойынша «Дерикар» бірлескен қазақ-түрік кәсіпорнын құрды.
Т.Битенов 1996 жылдан бастап сәулет, қала құрылысы, құрылыс және жол-құрылыс қызметі саласындағы лицензияланған жұмыс түрлерінің (қызметтерінің) барлық кешенін орындау үшін Шығыс Қазақстан облысында тартылған мамандандырылған кәсіпорын құрылды. «Құрмет» және «Ерен еңбегі үшін» ордендерімен және басқа медальдармен марапатталған. Ол Абай ауданының «Құрметті азаматы». Абай аудандық мәслихатының екінші шақырылымының және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының үшінші шақырылымының депутаттығына сайланған еңбегі ерен тұлға.Сонымен қатар, 2009-2018 жылдар аралығында Абай ауданы, Қарауыл ауылы «ОблШығысЖол» МКҚК-3 өндірістік-жол учаскесінің (ПДУ-3) бастығы болды.
2017 жылы 20 адамнан тұратын жүнді алғашқы өңдеу фабрикасы (ПОШ) құрылды. Жұмыс екі ауысымда жүргізіледі. Өндіріс қуаты тәулігіне 3000 кг, жуылған жүн. Бүгінгі таңда СЭП серіктестері Ресей Федерациясы мен Қытай Халық Республикасы болып табылады. «POSH» фабрикасы Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында орналасқан. Тоқтамыс көшесі, 28. Зауыттың алып жатқан ауданы 2165 м2. Сондай-ақ ірі қара (ірі қара), ұсақ мал (МРС) және жылқы өсіретін шаруа қожалығы бар. Кедергі мал азығын жинайтын жеке шабындық бригадасы бар, оған 9 «Беларусь» тракторы жұмылдырылған. Тәулігіне 350 бас ұсақ мал, 50 бас ірі қара мал шығаратын қасапхана ашылды.
2018 жылдың ақпан айында сүт және қышқыл сүт өнімдерін өңдеу және өткізу бойынша «ПК СПК КУАТ» ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып, сүт асханасы ашылды. Осы мақсаттарға жету үшін кооператив негізгі қызмет түрлерін жүзеге асырады. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы өнімінен жартылай фабрикаттарды, тамақ өнімдерін өндірумен, коммерциялық дүкендер мен комиссиялық дүкендер ашу арқылы сауда-сатып алу қызметі, тамақтандыру қызметтері, жануарлардан алынатын шикізатты (қой терісі мен аң терісі, қой терісі, ірі қара мал терісі және барлық жануарлардың терісі, аң терісінің барлық түрлері, жүн және т.б.) дайындау және өңдеу, ірі қара және ұсақ мал сою цехы бар, мал шаруашылығымен айналысу жақсы жолға қойылған. (ірі қара, жылқы, шошқа, қой және құс өсіру), селекциялық асыл тұқымды жұмыс, жергілікті тауарлық сиырларды тансформациялау, ірі қара және ұсақ малды бордақылау алаңы бар.
1996 жылдан 2018 жылға дейін өзге өңірлер мен аудан ішіндегі жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Октябрь паромы-Ново-Хайрузовка» 58-73 км ұзындығы 15 км.121 710 мың теңге сомасында. «Октябрь өткелі-Алтайка-Ново-Хайрузовка» 73-83 км ұзындығы 10 км. 89 288 мың теңге сомасында. «Семей-Қарауыл» км 27-59 ұзындығы 32 км 220 800 мың теңге сомасында. «Өскемен-Тарғын-Самарское» км 17-22+130 ұзындығы 5 км 50 843 мың теңге сомасында. «Бестамақ ауылына кіреберіс» жолды 20 млн.теңгеге. «Қарауыл-Архат-Семей» 0-21 км 20 млн.теңге, «Семей-Қарауыл» км 80-182 36 млн.теңге сомасында. «Бөрлі ауылындағы М.Әуезовтің мұражай-үйіне кіреберіс» 227 048 мың теңге. «Аягөз-Қарауыл-Семей-Қайнар» 4600 мың теңге. «Семей-Қарауыл» км 94 4 996 мың теңге сомасында.Көкбай ауылындағы «Сарман», «Шұңқыр жұрт», «Қызыл өзен» және Кеңгірбай ауылындағы «Ақтомар» мал қорымдарына 650 000 теңге сомасында. «Тәуелсіздік» саябағының жанындағы «Қ.Мұхамедханов көшесін», Абай ауданының 9 ауылында жасанды жабындысы бар жаңа футбол алаңының құрылысы 90 млн.теңге жасалды. Сондай-ақ облыс орталығындағы «Әнет баба», «Абай атындағы орталық саябақ», «Ж.Кәрменов атындағы» саябақтары мен балалар алаңы салынды.
Айта кеткеніміз жөн, Тасболат Қажымұханбетұлы еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бастап аудандық мәслихаттың, 2007 жылдан бастап облыстық мәслихаттың депутаты болып келеді. Осының өзі-ақ ел қалаулысына деген өңіріміздегі жұршылықтың нық сенімін аңғартатындай.
Тасболат Битенов басқаратын мекеме де жылдар бойы ауқымды шараларды атқаруда. Биылғы жылдың өзіне тоқталатын болсақ мекеме облыстық маңызы бар 300 шақырым тас жолдың күтіліп-бапталуын, жаз-қыс айларында оның қар мен судан, мұздан тазалауды қолға алып келеді. Сондай ақ, 2016 жылы 103 млн қаражат көлемін игеріп, Қарауыл ауылында Баян көшесі мен Шәкәрім көшесінің асфальтін, Кеңгірбай би ауылында Сүндетбай көшесін, Көкбай округінде Үкіжан ұстаз көшесін, сонымен қатар Саржалда екі көшені, Қасқабұлақ ауылында да қос көшені, Архат округінде бір көшені асфальттап, Медеу ауылында жасанды төсенішті шағын футбол алаңының құрылысын аяқтаған болатын.
Абай ауданы бойынша: Қарауыл ауылы – Ералы, Құнанбая, Сүндетбай, Әуезов, Зере, Шәкәрім, Молдағалиев көшелеріне және орталық алаңға, Саржал ауылына – 2 көшеге, Қасқабұлақ ауылына – 2 көшеге, Көкбай ауылы – 2 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Архат – 1-көше. Абай ауданына қарасты Қарауыл ауылы, Көкбай ауылы, Кеңгірбай би ауылы, Тоқтамыс ауылы, Медеу ауылы және Архат ауылы көшелерін жарықтандыру.Бұған қоса демеушілік көмектерін тізіп айта берсек, қаншама жанның қуанышын еселеп, алғысын арқалаған ағамыздың осы жасқа жеткенше тек жақсы істің ұйытқысы болғанын баса айтамыз.
Абай ауданының Құрметті азаматы, «Ерен еңбегі үшін» және «Сіңірген еңбегі мен жетістігі үшін» медалі, «Ерен еңбегі үшін медалі», Әсет Найманбайұлына 150 жыл медалінің, «Даңқ жұлдызы» мен бірнеше мерейтойлық медальдардың иегері, ел приезиденттерінің Алғыс хатын иеленген Тасболат Қажымұханбетұлы 75 жылдық мағыналы да мәнді ғұмырында аудан үшін, аудан халқы үшін іргелі істердің бастамашысы бола білген ұлылар елінің ұрпағы.
Бүгінгі күні Тасболат ағамыз бен Роза апайымыз ұрпақтарының үзілмес сабағы болып, Алланың назарында, бақыттың базарында, уақыттың ғажабында немере сүйіп отырған үлгілі жанұя. Үлкен қызы – Әсел Новосибирь, Евразия Университеттерін және магистратурасын бітірген инженер. Қазір «Дерикар» ЖШС директорының орынбасары, Әсем де Новосибирь Университетін және магистратурасын бітірген маман заңгер. Республика Қаржы министрлігінде істеді. Таяуда Сыртқы Істер министрлігіне ауысты. Ұлдары – Дулат, теміржол саласының маманы. Астанада Қазақстан Темір жолы корпорациясында басқарма бастығының орынбасары. Балаларынан 11 немере өрбіп, сүйікті ата-әже атанып, 75 жастың белесін бағындырып отырған Тасболат Қажымұханбетұлы мен Роза Мырзабекқызына өмірлеріңіз ары қарай да мәнді, шаңырақтарыңыз сәнді, дастархандарыңыздан дәм-тұздарыңыз үзілмей, барыңыз берекеге, берекеңіз мерекеге ұласа беруіне тілектеспін!
Анар СӘРСЕНБИНА,
«Аbai elı» газетінің жауапты хатшысы
Республикалық «Ұлылар елінің ұрпақтары» журналының директор-Бас редакторы